2019 жылғы 27 ақпан — 2 наурыз аралығында Алматы қаласының оқушылар сарайында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында «Қазақстан – менің алтын бесігім»республикалық балалар фестивалі өтеді. Балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушылары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері болады. Қатысушылар саны 170 адамнан астам.