Іс-шаралар жоспары

2019 жылғы 27 ақпан — 2 наурыз аралығында Алматы қаласының оқушылар сарайында “Ризашылық – мейірімділік бұлағы” жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында “Қазақстан – менің алтын бесігім”республикалық балалар фестивалі өтеді. Балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушылары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері болады. Қатысушылар саны 170 адамнан астам.