МЫҢ АЛҒЫС СІЗГЕ, МҰҒАЛІМ!!!

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай, Алматы қаласы Оқушылар сарайының қызметкерлері Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайы әкімшілігінің мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Оқушылар сарайының басшысы барлық білім саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.