Наурызбай және Медеу аудандарының балаларына арналған мереке.

Бүгін Оқушылар сарайында Медеу және Наурызбай аудандарының балалары шыршаға келді. Балалар әр түрлі жаста болғанына қарамастан, барлығына қызықты болды. Спектакльде балалар кейіпкерлермен диалогқа қуана қатысып, олармен бірге Эльза ханшайымды сиқырлап алды.  Олар жағымсыз кейіпкерлерді әшкерелеп, Аяз ата мен Ақшақардың күміс арбасының келгеніне қуанды. Шыршаға арналған мерекелік сценарий өте ерекше болды. Балалар  ойнады да, биледі де, шыршаны айналып барлық іс-шараға қатысты. 2019 жылдың 23-30 желтоқсан аралығындағы жаңа жылдық қайырымдылық қойылымдарға 3486 бала қатысты. Олар: Наурызбай ауданы 359 бала «Бақытты отбасы» көпбалалы аналарды қолдау орталығынан, Медеу ауданы 537 бала көпбалалы отбасынан, 2263 бала әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан, Оқушылар сарайынан 253 бала әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан, 50 мүгедек бала, хат бойынша «Алматы қаласының мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» реабилитация орталығынан – 24 бала.