Құрметті ата-аналар!

Алматы қаласы, Білім басқармасы МКҚК «Оқушылар сарайы» 2019-2020 оқу жылына балет мектебіне балаларды қабылдайды.
Конкурстық іріктеу 2019 жылдың 30 қазанынан – 2019 жылдың 1 қарашасы, сағат 10.00-12.00, 16.00-18.00 дейін, 5 пен 10 жас аралығында келесі нормативтік құжаттар негізінде өткізіледі.

• «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (19.04.2019 ж. өзгерістермен)
• «Балаларға қосымша білім беру ұйымдары түрлері бойынша үлгі ережелері», 2013 жылғы 5 шілде, 2018-де түзетілген.
• «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170
• Алматы қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №4606 қаулысымен (ақылы білім беру қызметтерін мақұлдау туралы)
• Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» МКҚК Жарғысы

Байланыс телефоны: 8 727 264 22 06, 87772612905. с 9.00.-18.00.