Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конференция

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұрағатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конференция өтті. Онда Оқушылар сарайының Балалар музыка мектебінің оқушылары өнер көрсетті. Дарынды оқушылар ел тәуелсіздігін әнге арқау етіп, музыка тілінде жеткізді. Көк жүзінде желбіреген көк байрақ Тәуелсіздіктің тұғырлы екенінің белгісіндей тербеліп тұрды.