Оқушылар сарайында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын сайлауға арналған іріктеу болып өтті.

Алматының барлық ауданындағы Оқушылар үйлері мен белсенді мектеп оқушылары қатысқан бұл жиын біздің жастарымыздың жігерлі, көзінде от, көңілінде нұр жатқанын көрсетті.

Сонымен, сынға түсіп, бағын сынаған 6 үміткердің де бағдарламалары өте жақсы, алға қойып отырған іс-жоспарларыда көңілге қонымды болып шықты.

Құрамында «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Шамгунов Д.К., Оқушылар сарайы  директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары – М.А.Сегізбаева; Оқушылар сарайы  көркем өнер бөлімі басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері –Б.Ж.Бектаев; Оқушылар сарайы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Шаяхметова А.Е., бөлім жетекшісі – Оразахунова А.Е., «Жас Ұлан» ұйымының вице-министрі А.Шаймұханова және аудандық «Жас Ұлан» ұйымының арнайы өкілдері бар әділқазылар алқасы Ұланбасы болғысы келетін үміткерлердің жұмыстарын тыңдады.

«Ұланбасы» болу бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Осы жауапты істі өзіне міндет етіп алған оқушы барлық қоғамдық жұмысқа белсене араласып, ұйымдастырушылық қабілетімен де ерекшеленуі тиіс. Сонымен қатар, түрлі әлеуметік жобалар бойынша республика деңгейінде өтетін жарыстарға да белсенді түрде қатысып, Алматының атын айшықтайтын болады.

Осындай сенім биігінен көрінген, барлық байқау шартына сай қаламыздағы Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназияның 10-сынып оқушысы Мәлика Бақытбекова Ұланбасы деп танылды. Еліміздің үміт күтер ұландарының талай шыңды бағындыратынына сенімдіміз. Алда талай-талай асу бар. Осы асулардан Ұланбасы бастаған «жасұландықтардың» алда келетініне сенім зор.  

«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын сайлауға арналған іріктеу болып өтті

 

УВАЖАЕМЫЕ ДЕТИ И РОДИТЕЛИ !

 

Запись в детские объединения Дворца школьников города Алматы производится  в  электронном виде: на портале Государственных услуг Управления образования города Алматы.

Также записать ребенка  в детское объединение вы сможете  в любой рабочий день с 9:00 – 17:00, с перерывом на обед:13:00-14:00 в  центральном фойе Дворца школьников.

Запись производится на основании Стандарта государственной услуги
«Прием документов и зачисление в организации
дополнительного образования для детей по предоставлением дополнительного образования».

Здесь же можно проконсультироваться о  расписании занятий, условиях приема.