“Жетістіктер әлемі-сәттіліктің қуанышы”

Алматы қаласы Оқушылар сарайында Жас тәрбиеленушілердің фотогалереясы ашылды, олардың есімдері бүгінде біздің қаламызда ғана емес, елімізге әйгілі! Балалардың әрқайсысының жетістіктері – олардың орасан зор еңбегі мен кемелдікке деген ұмтылысы, педагогтардың жоғары кәсібилігі және туыстары мен жақындарының балаларының талантына деген шексіз сенімі! Біздің галереяда шығармашылықта, спортта, ғылым мен техникада жетістікке жеткен балалардың суреттері ұсынылған! Біз оларды мақтан тұтамыз және олардың алдында жаңа жетістіктер мен биік шыңдарға жол ашық екеніне сенеміз!