«Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы»

      Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен  Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы!» – атты Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен ақынның қара сөздері және өлеңдерін оқудан Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн байқауы  2020 жылдың қазан айының 15-16 шы жұлдызында өтеді.

Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн  байқаудың

Е Р Е Ж Е С І

Байқауды  өткізудің тәртібі  және  шарттары.

  –   Байқау екі жанр бойынша өтеді:

           эстрадалық вокал;

           көркемсөз оқу;

 –   «Эстрадалық  вокал»   жанрына    қатысушылар   эстрадалық   ән     

жанрында бір ән орындайды. Ән тірі дауыста айтылуы қажет.

   –   «Көркемсөз оқу» жанры бойынша 1 шығарманы  жатқа орындайды. (1 қара сөз немесе 1  өлең)

   –  Үміткер оқылатын шығарманы н/е орындайтын әнді  міндетті  түрде  жанды дауыспен орындауы  қажет.

   –    Байқауға 7-18 жас аралығындағы өнерпаздар  қатыса  алады.

         Байқауға қатысушылардың жас ерекшіліктері:

– кіші топ – 7 жастан 9 жасқа дейін;

– орта топ – 10 жастан 13 жасқа дейін;

– жоғары топ – 14 жастан 18 жасқа дейін;

Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың  10-шы қазанына дейін алдын ала сапалы түсірілген бейне жазбасы мен қатысушы туралы толық ақпаратты Whatsapp, Telegram желісіне немесе электронды почтаға жолдайды (1-іне ғана):

  • Аты-жөні;
  • Жасы;
  • Мектебі;
  • Сыныбы;
  • Жетекшісінің аты-жөні,
  • Шығарманың аты, авторы;
  • Үміткердің телефон нөмірі.

      Өтініш жолданғаннан кейін 2 күн мерзім ішінде арнайы тексеруден өтіп, қабылданғаны жайлы қатысушыға хабар жолданады.

       Байқаудың жеңімпаздары жас ерекшеліктеріне қарай 3 санат бойынша дипломдармен марапатталады.

Әр санатта:

Гран При

І орын

ІІ орын

ІІІ орын.

Барлық қатысқан оқушыларға қатысқаны үшін диплом  беріледі.

Шәкірт дайындағаны үшін, әр жетекші алғыс хатпен марапатталады.

Диплом электрондық форматта көрсетілген поштаға жіберіледі.

Бейнежазба мен үміткер туралы мәліметтер міндетті түрде жіберілуі тиіс.

Байқау тегін өткізіледі!

Барлық сұрақтар бойынша: ryskhan.aidos@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 775 22 11 707 Whatsapp, Telegram

                                        8 700 267 96 68

СӘТТІЛІК, ҚҰРМЕТТІ ҚАТЫСУШЫЛАР!