12- қаңтар еліміз тарихынан ойып орын алатын, аса көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Кемеңгер тұлға 50 жыл ел ағасы болып, мемлекетіміздің қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Қазақстан тарихында есімі алтын әріппен жазылған айтулы тұлға еліміздің өнеркәсіптік базасын, құрылыс инфраструктурасын, ғылымы мен білімін, мәдениеті мен спортын өркендетуге зор үлесін қосты. Бекзат болмысты, кісілік келбеті мен зор қасиеті басым қазақтың Қонаевы туралы айтылар аңыз да, ақиқат та көп. Уақыт өткен сайын асқар Алатаудай асқақтаған тұлғаның туғанына дәл бүгін 110 жыл толып отыр.

ҰЛТЫ СҮЙГЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА.