Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына байланысты, Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен “Өнерлі — өрге жүзер» атты шығармашылық есеп беру концерті өтті. «Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы да бар. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері бар. Сондықтан да “Өнерлі өрге жүзер»,  – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы деп бағалаған біздің дана халқымыз. Сарайымыздың
Қорытынды шығармашылық ән-күй кешіне вокал бірлестігіндегі, домбыра, фортепиано, би балалар бірлестіктеріндегі білім алушылар қатысып, өнерлерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Болашағымыз жарқын, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын дегіміз келеді. Елім, жерім деген жас жеткіншектеріміз білімді, өнерлі болып, Оқушылар сарайының білім алушыларының өнері өрге жүзсін.

Өнерлі — өрге жүзер.