Отан қорғаушылар күні мерекесімен шың жүректен құттықтаймыз!

7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мерекесімен шың жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан етеміз. Сіздердің еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!
Бүгінде бес қаруы сай Қазақстанның қарулы күштері ел қорғауға әзір. Күні-түні елдің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін аянбай еңбектеніп, әскери қызметпен бірге азаматтық парызды абыроймен атқарып жүрген жауынгерлеріміз құрмет пен марапатқа лайық. Ел сүйсінген ерліктері және еңбектері өскелең ұрпаққа өнеге, алдыңғы қатардағы ағаларына қарап жастар бой түзейді. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!