18 маусым күні “Өрнек” жазғы лагерінің алғашқы ауысымының салтанатты ашылуы өтті. Мерекелік шараға арнайы келген құрметті қонақтар — Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асем Бековна Нусупова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Толкын Забирова мен Жамиля Серкебаева балаларға шаттыққа толы демалыс, жарқын әсер мен көңілді жазғы күндер тіледі. Оқушылар сарайының жас өнерпаздары өз өнерлерімен қатысушыларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балаларымыздың жазғы демалысы қызықты кездесулер мен жаңа ашылуларға толы болсын!








