ҚҰСТАР- БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Көктемнің екінші айының алғашқы күні табиғаттың көркі, біздің досымыз құстарға арналады. Бұл мерекені біздің еліміз 1906 жылдан бері атап өтуде. Оқушылар сарайының экология- биологиялық бөлімінің аумағында ,,Қанатты достарымызды қарсы алайық!, атты мереке өтті. Оған бүкіл қаланың аудандары белсене атсалысты. Жүз жиырмадан астам бала құстарға арналған үйшіктерді ағаш басына іліп, оларға қамқорлық танытты. Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері ағашқа зиян келтірмеу жағын қарастырды. Қала мен аулаға құстар келіп, құстар әні естіле бастады. Мереке жоғары деңгейде өтті.