«Жас пианист»

“Жас пианист” балалар бірлестігі 2008 жылы ұйымдастырылды. Онда 6 жастан бастап балалар фортепианода ойнауды үйренеді. Оқу барысында қабілетті дарынды оқушылар анықталады. Әр баланың өзінің даралығы мен талантын ашуға мүмкіндігі бар. Оқытудың мақсаты-музыкалық шығармашылық дағдыларын игеретін, кез-келген жанрдағы музыкалық шығарманы бөлшектей және толық үйрене алатын, музыка техникасын еркін меңгеретін, кез-келген әуен мен сүйемелдеуді таңдай алатын әуесқой музыканттарды дайындау. Балалар түрлі деңгейдегі концерттерге, байқауларға белсенді қатысады, жүлделі орындарға ие болады.

Усентаева Роза Усербаевна

Білімі: Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Еңбек өтілі: 47 жыл

Білім алушылардың жасы: 6-16 жас