
Құрметті балалар мен ата-аналар, әріптестер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл күні біз бейбіт аспан астында өмір сүруімізге себеп болған батырлардың ерлігіне тағзым етіп, оларға шексіз құрмет пен алғысымызды білдіреміз. Олар баршамыз үшін ерен ерліктің және рухтың тектілігінің үлгісі болып қала береді.Жүрегімізде майдангер ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне деген алғыс пен тағзым ешқашан сөнбейді. Олар — қайыспас қайраттың, рухани ұлылықтың, отансүйгіштіктің жарқын символы.Біздің қасиетті борышымыз – оларды қамқорлықсыз қалдырмай, батырлар туралы жарқын естелікті сақтап, ұрпаққа аманат ету.Жеңіс күні – ерекше мереке. Ол халқымыздың бірлігі, тыныштығы мен тұрақтылығы сынды еліміздің басты құндылықтарының маңыздылығын айқындайды.Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, мол бақыт пен амандық тілейміз!