Елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің тұмары

Еліміздің егемендігінің белгісі ретінде бекітілген Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың аса қастерлі құндылықтары. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізге қашан да қолдау білдіреді. Аспан түстес туымыз бен шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз, әуелете шырқайтын Әнұранымыз бар, біз бақытты елміз! Ұлтымыздың рәміздері елдің мызғымас негізі, егемендігіміздің айшықты белгісі, тәуелсіздігіміздің тұмары. Халқымыздың мұқалмас рухы, қаһармандығы мен даналығы бізді әрқашан биіктерге бастайды. Еліміз тыныш, халқымыз аман, көк туымыз желбірей берсін! туымыздың мәртебесі биік болсын!
4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Құрметпен Айгүл Болатбекқызы.