«Алтын қазына» байқауының қазылар алқасы жіберілген жұмыстардың әрқайсысын қарап, әр номинация бойынша үздіктерді таңдайды. Жұмыстар Алматы қаласы Оқушылар сарайының көрме павильонында қойылған.
Білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан ары дамыту үшін жүйелі және мақсатты қызмет жасауға жағдайлар жасалған. Балалар рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленеді, көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығына қызығушылық артады, сондай-ақ қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнердегі халықтық дәстүрлер сақталады және елдің мәдени-тарихи мұрасы көбейеді. Балалардың бойында Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетіне, халықтық дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына деген патриотизм, құрмет пен ұқыптылық сезімдері оянады.