Асудан асып, белесті бағындырдық

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі кең байтақ жеріміз көркейіп, талай асудан асып, белесті бағындырдық. Әрине, атқарылып жатқан қыруар еңбектің басында еліміздегі жетекші саяси күш «Nur Otan» партиясының тұрғанын ешкім жоққа шығармаса керек. Аталмыш партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және басқа да әлеуметтік жобалары республиканың түкпір-түкпірінде, әрбір аулында көптеген жақсылықтың басты себепшісі болды. Мұның өзі дағдарыста дағдарып қалған саланың тамырына қан жүгіртті.
Елдегі жағдайға байланысты кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізіліп, зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын орта бизнес кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдырылған еді. Міне, еліміздегі осындай жағдайлардың жүзеге асуына партияның көрсетіп отырған қолдауы ерекше болғанын тағы да қайталап айтқым келеді. Бұл мысалдар тек елдегі індет жағдайында жүзеге асып жатқан жұмыстар. Оңтүстік астанамыз Алматының айшықты келбетінің көркеюіне, болашағының кемелденуіне партия қашаннан қолдау көрсетіп келеді. Қалыпты өмір жағдайындағы партияның атқарған қыруар жұмысы өз алдына бір мысал. Ал, қазіргі таңда еліміздің еңсесін тіктеп, өркендеп, жеріміздің көркеюі жолында қызу іске кіріскен «Nur Otan» партиясының жасап жатқан шаруасының есебі жоқ дер едім. Елінің ертеңі үшін, бүгінгі өмірдің нақтылығы үшін жасалып жатқан барлық жобалар әлі де жалғаса береді. «Nur Otan» партиясының мақсаты да, міндеті де айқын.