Author: Арман

ЕЛОРДАДА ҚР-НЫҢ МЕКТЕПТІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТУДЕ

2024 жылдың 4-5 сәуір аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық слеті басталды.

Мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларының слеті – бұл еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинап, оларға өз қабілеттерін көрсетуге және мектеп парламентінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Аталмыш слетке Оқушылар Сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің басшысы Ринат Равильевич қатысып, талапты көшбасшылардың тұшымды ойларымен танысып, олардың бастамаларына қолдау білдірді.

Барша слетке қатысушыларға сәттілік және шығармашылық идеялар тілейміз!

ЖАС КОМПОЗИТОР ЗАРИНА ГАФИАТУЛЛИНАМЕН КЕЗДЕСУ

2024жылдың 3-сәуір күні Оқушылар сарайында «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі аясында жас композитор Зарина Гафиатуллинамен кездесу өтті.

Зарина Гафиатуллина – пианист, композитор. Әртүрлі балаларға арналған анимациялық туындыларының композициясының авторы.

Кездесу барысында қонақтар композитордың туындыларын, оның ішінде «Приключения Армана» атты мюзиклін тамашалады. Бұл – жаңа эко-өнертабыстар жасау арқылы әлемді жақсы жаққа өзгерту керек деп шешкен бала туралы туынды.

Шығармашылыққа толы қызықты әрі көңілді кешке қатысқан оқушылар мен педагогтер композитормен ашық сұхбаттасып, оның шығармашылығымен толықтай танысты.

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫМЕН БІРГЕ ТИІМДІ ДЕМАЛЫС

Оқушылар сарайының оқушылары наурыз айының тоқсандық демалысын Оқушылар сарайымен бірге тиімді әрі қызықты өткізді. Балалар түрлі рухани демалыс орындарына барып, уақыттарын ойдағыдай өткізген.

Тарқата айтсақ, «Жас суретші» және «Қолөнер» балалар бірлестіктерінің жетекшілері Әсел Дәулетқызы мен Раушан Кабыловна оқушыларды Алматы қаласындағы Арман кинотеатрына апарып, «Летучий корабль» атты балаларға арналған фильмді бірге тамашалады.

Ал, «Көркем сурет» балалар бірлестігінің педагогі Даурен Даулетович жас суретшілерін Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына апарса, «Домбыра» балалар бірлестігінің оқушылары педагог Даулет Нұрланәліұлымен бірге Ықылас атындағы ұлттық аспаптар музейіне саяхат жасады.

Демалыстарын көңілді әрі пайдалы өткізген оқушылар өз оқытушыларына дән риза болып, алғыстарын білдірді.

«ӘНШУАҚ. АЛМАТЫ» КҮНДЕЛІГІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған – қазақ тіліндегі «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалінің «Әншуақ. Алматы» күнделігі өтті.

Алматы қаласы бойынша бейнероликтері жоғары қаралым жинаған оқушыларымыз алдағы жарысқа деген дайындықтарымен бөлісіп, байқауда орындаған әндерін таңдау барысында мағынасына, танымалдығына, ең бастысы балалар әндерінің бір түрі болуына аса мән бергенін айтты.

Сондай-ақ, әсем әндерін шырқап, TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегі арқылы бейнероликтерін жүктеген жас әншілеріміздің видео қаралымдар күннен-күнге өсіп келе жатыр.

Байқауға қатысушылардың бәріне сәттілік тілейміз!

Ләйлә Әбдіғаниқызымен кездесу

2024жылдың 30-наурыз күні Оқушылар сарайында “Әншуақ” балалар әндерінің фестивалі аясында Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Мұқашева Ләйлә Әбдіғаниқызымен кездесу өтті.

Ләйлә Әбдіғаниқызы – Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, бүгінде Алматы қаласының Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында музыка пәні мұғалімі қызметін атқарады. Оның балаларға арналған “Досыма”, “Күз-тамаша”, “Тамшылар”, “Мен-елімнің ертеңі” т.б әндері бар.

Шығармашылыққа толы кездесу барысында Ләйлә Әбдіғаниқызының “Күз Тамаша” атты авторлық әні орындалды. Сондай-ақ “Атамұра” домбырашылар тобы халық әні “Үкілі қызды” орындаса, Оқушылар сарайының білімалушылары Дәуке Әмина “Қазағым-ай”, Кешубай Керімсал “Байтақ елім қазағым” әндерін орындады.

Музыка мен шығармашылыққа толы кешке қатысқан қонақтар ән әлемінің қызығына еніп, шабыт алды.

«Әншуақ. Алматы» күнделігі туралы репортажы

«24.KZ» телеарнасында күні кеше Оқушылар сарайында өткен «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалінің «Әншуақ. Алматы» күнделігі туралы репортаж шықты.

Репортажда тілшілер «Әншуақ» балалар әндерінің фестиваліне қатысушылардың дайындықтарын көрсетіп, сонымен бірге аталмыш жобаның елімізде тұңғыш рет өтіп жатқанын және оның маңыздылығын атап өтті.

Репортаждың толық нұсқасы:

«ӘНШУАҚ. АЛМАТЫ» КҮНДЕЛІГІ ӨТТІ

2024 жылдың наурыз айының 27ші жұлдызы күні Оқушылар сарайында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған – қазақ тіліндегі «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалінің қатысушылары «Әншуақ. Алматы» күнделігінде өнер көрсетті.

Естеріңізге салсақ, «Әншуақ» балалар әндерінің фестиваліне қатысушылар 1-ақпаннан бастап TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегі арқылы бейнероликтерді жүктеп бастады.

Оқушылар сарайының оқушылары фестиваль басталған күннен бастап, өздерінің өнерлерін TikTok әлеуметтік желісіне үздіксіз жариялап отырды. Балалар әндерінің челленджін қолдап, қатысқан оқушыларды бүгінде еліміздің бас арналарының бірі – «Хабар», «24.KZ» арналары түсіріп, арнайы ролик дайындады.

Оқушылардың сайысалды дайындықтары мен әндерін тыңдап, олармен сұхбаттасқан тілшілер оқушыларымыздың сайысқа деген дайындықтарының жоғары екендерін атап өтті.

Аталмыш фестивальдің күнделігі 2024 жылдың маусым айына дейін жалғасын табады. Ендеше, «Әншуақ» балалар әндерінің челленджіне қатысып, TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегі арқылы өз бейнеролигіңді жүкте. Әншуақпен ән шырқа!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Оқушылар сарайының балалар музыка мектебі дарынды оқушылары тағы да жеңістерімен қуантты. Тарқата айтсақ, «Мен де жұлдыз боламын» республикалық байқауында Еркінұлы Әли – Гран при, 1-орын – «Жігер» қазақ халық аспаптар ансамблі иеленіп, «Жолдама» гранд финалына қатысуға шақырту алды. Оқушыларды жеңіс толқынына жетелеген педагогі Райхан Ризабекқызына алғыс білдіреміз!

Сондай-ақ оқушыларымыз «Рауан» халықаралық фестиваль-байқауының жеңімпаздары атанды. Аталмыш байқауда Вокал номинациясы бойынша Садуахасова Анель, Мамонова Серафима, Жанарбаева Мелиса, Серік Аружан Гран-при иегерлері атанса, Семенюк Арина мен Күнғожин Абзал 2-дәрежелі лауреат дипломының иегерелері атанды.
Педагогтар Шағарова Ангела Александровна және Садуахасова Анна Юрьевна, концертмейстер яновец Елена Владимировна және Островерхов Владислав Федорович.

Барша жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

23 НАУРЫЗ – ТАЗАРУ КҮНІ

Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні – Тазару күні.
Бұл күн жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде атап өтіледі.
Наурыз мейрамы баршаңызға тек жақсылығымен келсін!