Аягүл Миразова атындағы Республикалық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті!
2025 жылдың 23–27 сәуірі аралығында Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицей қабырғасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8–9 сыныптың озат оқушылары бас қосып, білім бәйгесіне түсті.
Бес күн бойы жас математиктер білім деңгейін сынап, шығармашылық қабілеті мен зеректік танытты. Олимпиада жоғары ұйымдастыру деңгейінде өтіп, әділдік пен ашықтық қағидаттары қатаң сақталды.
27 сәуір күні Оқушылар сарайында өткен салтанатты жабылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы Нусупова қатысып, жеңімпаз оқушыларды құттықтап, арнайы марапаттарын табыстады.
Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушылар олимпиададан ұмытылмас әсер алып, жаңа достар тауып, үлкен жетістіктерге апарар маңызды алғашқы қадам жасады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бірге бағындырамыз деген сенімдеміз!