7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні

Ардақты аталарымыз, абзал әкелеріміз бен барша бауырларымыз!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Отан қорғаушылар күні мерекесі ерліктің, ар-намыс пен батылдықтың символы. Бұл күні біз ардагерлерімізге, Қарулы күштер жауынгерлері мен офицерлеріне, жалпы өскелең ұрпаққа үлгі болатын барша Отан қорғаушыларға ерекше үміт артып, сенім білдіреміз! Біздің бейбіт өміріміздің қорғаны сіздер болғандықтан, қайсар жандарға қашан да сенім артамыз! Тәуелсіздігіміздің тұғырының биік, көк байрағымыздың еркін қалықтауы сіздердің қолдарыңызда! Сіздер біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігінің сенімді кепілісіздер! Сіздердің атқарып жатқан зор қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін!