“Бокс” балалар бірлестігінің жетістіктері

Алматы қаласы Оқушылар сарайы “Бокс” балалар бірлестігінде халықаралық деңгей дәрежесінде еліміздің намысын қорғап жүрген жас спротшыларымыз жеткілікті. Солардың қатарында- Алтаев Еламан Қайратұлы, жетекшісі – Мұқамедқалиев Нұрлан. Бокс балалар бірлестігіне Еламанның қатысып жүргеніне төрт жыл болып қалды. Осы уақыт аралығында қалалық, аумақтық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстардан топ жарып, Оқушылар сарайының мәртебесін асқақтатып жүр. Жас спортшымыз – Еламанның ұстанымы “Салауатты өмір салты”. Еламанға болашақта биік белестерді бағындырып, жұлдызының жарқырап жануын тілеймін. Әр жылымыз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын жас жеткіншектеріміздің қатары көп болсын!