Еліміздің намысын қорғаған дзюдошы Елдос Сметов

Еліміздің намысын қорғаған Отандасымыз, белгілі дзюдошы Елдос Сметов Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXXII Жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдегері болды! Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Елдос өзінің мықты спортшы екенін дәлелдеді. «Ел үмітін ер ақтар,Ер атағын ел сақтар» дегендей, жер жүзі көз тіккен осы бәсекеде Еліміздің атын шығарған, алғашқы медаль иегері Елдосқа осы алған бетіңнен таймай, тек жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспін!Ізгі тілекпен Айгүл Болатбекқызы.