Мың тағзым, майдангер!

Биыл Ұлы жеңіске 76 жыл толып отыр. 1941 жылы 22 маусымда басталып 1418 күнге созылған майданға 1,2 миллион қазақстандық аттанған еді. Солардың 700 мыңы соғыс даласында ерлікпен қаза тапты. Бұл күн нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі. 9-мамыр күні жеңіске жеткен батырларымызды ерекше құрметпен еске алып, жауынгерлердің ерлігіне тағзым етеміз. Майдангерлеріміздің даңқы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!