Құрметті, Наталья Николаевна!

Сізді, мерейлі 55- жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Өзіңіз жетекшілік етіп отырған «Жас геологтар» балалар бірлестігінің білім алушылары Уфа, Санкт-Петербург, Таганрог, Томск, Бишкек, Астана қалаларының халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары қатарынан көрінді. Сіздің мұғалім мамандығына деген адалдығыңыз, балаларға деген сүйіспеншілігіңіз, тамаша ұйымдастырушылық қабілетіңіз әріптестеріңізге ғана емес, өскелең ұрпаққа да үлгі болады. Сіз, кез-келген баланың көңілін тауып, мейірімділік пен әдептілікке, адалдық пен төзімділікке баули аласыз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңызға тек өрлеу мен өсуіңізді тілеймін.

Ізгі тілекпен Айгүл Болатбекқызы.