Спорттық Алматы

“Спорттық Алматы” бағдарламасы аясында “Нұрсұлтан шыңы” альпиниадасы өтті. Альпиниаданы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Нұр-Сұлтан күніне арнады. Бұл альпиниадада Алматы қаласы Оқушылар сарайы туристік-өлкетану бөлімінің педагогтары Күренкеев Қуаныш Бердібекұлы, Абуов Дархан Шарханұлы, Шәмшіман Құдайберген Сембекұлы қатысты. Аталған шыңды бағындыру мақсатында Алматыда жыл сайын дәстүрлі Альпиниада өткізіліп тұрады.