ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ.

Алатау бөктерінен Арқа төсіне көшіп, қанатын кеңге жайған елордамызға биыл 23 жыл толып отыр. Осынау жылдар ішінде ертегідегі алып баладай сағат сайын емес, сәт сайын өсіп, қанаттанған бас қаламыз аз уақыттың ішінде әлемнің назарын өзіне аударды. Әлемнің ең керемет қалаларының қатарынан орын алып, атағы дүниеге тарады. Бүгінде біздің астанамыз туралы әлем елдерінің пікірі жоғары. Осындай көркем де, келісті қаламыздың негізін қалаған Елбасымыздың еңбегі ерекше. Бас қаламыздың, жас қаламыздың мерекесі құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің жарқын көрінісі болған елордамыз Нұр-Сұлтан жасай берсін!!!