23–24 сәуір күндері Оқушылар сарайында педагогтердің кәсіби дамуына арналған ең тиімді әдістердің бірі — Lesson Study тақырыбында ұлттық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстанның әр аймағынан 550-ден астам мұғалім, сондай-ақ шетелден қонақтар қатысушы ретінде шақырылған.

Lesson Study — мұғалімдердің бірлесіп сабақ жоспарлап, өткізіп, талдау арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіретін әдіс. Бұл тәсіл өзара тәжірибе алмасуға, педагогтер қауымдастығын нығайтуға және бірлесіп дамуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – белсенділік, ынтымақтастық және үздіксіз өсуге деген ұмтылыс.

Жапонияда Lesson Study жай ғана әдіс емес, бұл — білім берудің философиясы. Бүгінде қазақстандық ұстаздар бұл халықаралық тәжірибені меңгеріп, оны жергілікті білім беру жүйесіне бейімдеп, оқу сапасын жақсартуға күш салуда.

Оқушылар сарайы осы идеялар тоғысқан, шабыт пен үздік тәжірибелер алмасатын орталыққа айналды.