1-ші ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты ГКП на ПХВ «Оқушылар сарайы» мен АҚ «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» ғылыми-білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл маңызды қадам ғылымды дамытуға, жаңа білім беру мүмкіндіктерін қалыптастыруға және зерттеу бастамаларын қолдауға бағытталған. Келісім аясында ғарышты насихаттау, оқушылардың астрономия мен заманауи технологияларға деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ оларды ғылыми жобаларға белсенді атсалысуға ынталандыру көзделіп отыр. Біз бірлескен жұмыс жас зерттеушілерге жаңа көкжиектер ашып, еліміздің ғылымы мен біліміне елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.




