15 сәуір күні, Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне орай, Оқушылар сарайында ерекше музыкалық кеш өтті. Жастарға ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған концерт көрермен жүрегінен орын
Кештің шымылдығын сарайымыздың мақтанышы — “D’Arezzo” эстрадалық-симфониялық оркестрі ашып, әсерлі әуендермен бағдарламаның көркін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың шынайы сезімге толы әндері келтірді.





Концерттің басты қонағы әрі сәнін келтірген өнер иелері – халықаралық байқаулардың лауреаттары, вокалдық квартет “IL CANTO” болды. Олардың кәсіби шеберлігі, жанды дауыстағы орындаулары мен репертуар таңдауындағы талғамы көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Залда махаббат, шабыт пен нәзік сезімге толы атмосфера орнап, әрбір ән шынайылықпен үн қатты. Бұл кеш жастарға Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының мәңгілік махаббатты дәріптейтін рухын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында оқушыларға ұлттық фольклордың мәні мен көркем өнердің адам жанына әсері туралы танымдық ақпараттар да ұсынылды.
Оқушылар сарайы барлық көрермендерге алғыс білдіре отырып, шынайы сезім мен рухани байлықты дәріптеуді жалғастыра беруге шақырады. Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні құтты болсын!