29 ақпан күні Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше тарихи-танымдық жоба — «Батырлар сөйлейді» атты әсерлі іс-шара сәтті орын алды.
Бұл тағылымы мол шара қаламыздың барлық мектептерінен келген оқушыларды біріктіріп, олардың бойындағы отансүйгіштік сезімді, тарихи жадыны жаңғыртуға ықпал еткені қуантады.
Жоба аясында қатысушы командалар соғыс жылдарындағы ерлік пен қаһармандықты арқау еткен әдеби-музыкалық композициялар ұсынып, көрерменге шынайы әсер сыйлады. Сахнада батырлардың бейнесі жаңғырып, өлеңдер мен тарихи естеліктер арқылы ерліктің рухы сезілді.
Қазақстандық жауынгерлердің, тыл еңбеккерлерінің, соғыстан оралмаған және Жеңістің қуанышын көрген ардагерлердің есімдері құрметпен аталды. Жас ұрпақтың жүрекжарды алғысы мен тағзымы ерекше әсер қалдырды.


Шара соңында барлық қатысушылар бірлесе орындаған «День Победы» әні мерекенің көркем түйініне айналды. Патриоттық флешмобпен жалғасқан кеш қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.
Үздік өнер көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және әділқазылар алқасының марапаттарымен марапатталды.
Ұлы Жеңістің рухы – біздің жүрегімізде. Батырлар есімі – мәңгі жадымызда!