Отбасы – бақыт мекені.

Адамның жеке басының дамуы- бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы мен адамгершілік қасиеттері, мәдениеттілігі ең алдымен Отбасында қалыптасады. Ұрпақ тәрбиесі қашанда қоршаған ортаның шынайы бейнесі, “ағадан құрмет, ініден ізгілік“ деп парасаттылыққа жетелейтін Отбасы ұлағаты мен адамгершілігінен бастау алады.
Отбасындағы Отанға деген ыстық сезім – ең алдымен жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
Отбасы күні мерекесі құтты болсын! Үйлеріңізден береке- бірлік, бақыт, молшылық, бар жақсылық ешқашан кетпесін!
Ізгі тілекпен, Айгүл Болатбекқызы.


Оқушылар сарайы “Бейнелеу өнері” балалар бірлестігінің жетекшісі Ашимбаева Кәмила Қабдоллақызының 15 мамыр – Отбасы күніне орай өткізілген “Отбасы бақыт мекені”
тақырыбындағы сабағы.