ОТБАСЫ- ЕКІНШІ ОТАНЫҢЫЗ

“Отбасы күні ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре бермек. Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі”
(Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ)

2013 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні болып бекітілген болатын.
Бұл ерекше мереке. Өйткені, адамның өмірі отбасынан басталады, оның азамат ретінде қалыптасуына бастама алады.
Тек осы күні ғана емес, жылдың әр күні, әрбір сағатында отбасыңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!