Құрметті Оқушылар сарайының білім алушылары мен ұстаздар қауымы, ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 1 қыркүйек – еліміздің барша жұртшылығының басын біріктіреді: алғашқы қоңырау үніне асыққан оқушылар, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан колледж, жоғары оқу орнының студенттері, ұстаздар қауымы мен ата-аналар айтулы күнді асыға да жауапкершілікпен күтеді. Білім күні тек атаулы мереке ғана емес, еліміздің келешегі үшін жауапты кезең бастамасы.
Адам өміріндегі сарқылмас байлық – ол білім. Адам баласы барлық арман-мақсаттарына тек білім көзі арқылы ғана жете алады. Қандай да маман болмасын, іске деген жауапкершілігін, біліктілігі мен білімін оқу ордасы қабырғасында жетілдіріп, меңгеріп шығады. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әр кезде жемісті бола берсін. Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілейміз!
Оқушылар сарайының есігі жас ізденушілерге, еліміздің мақтанышы болатын білім алушыларымызға әрқашан да ашық! Білім күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Айгүл Болатбекқызы және Оқушылар сарайы ұжымы.