Құрметті қаламыздың ең кішкентай тұрғындары! Жас достар!
Сіздерді бүгінгі 1 – маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Сіздер біздің тәуелсіз еліміздің бейбіт бесігінде тербелген бақытты ұрпақсыздар! Мемлекетіміз қандай қиындық болса да, балаларымыздың емін-еркін өсуіне барлық жағдайды жасап жатыр. Біздің елімізде балаларды қорғап, олардың алаңсыз өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Жерде бала қуанса, көкте періште қуанады дейді халқымыз. Балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін!
Жер шарыны балаларға берейік деген әлем жұртшылығы 1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы конференцияда атаулы күннің негізін қалаған екен.
1950 жылы 1 маусымда алғаш рет мереке ұйымдастырады. Балалар күні алғаш рет 1955 жылдың қазан айында Женевадағы ”Балалардың әл – ауқаты халықаралық бірлігі” ұйымының ықпалымен дүние жүзі бойынша аталып өтеді.
Күні бүгінге дейін үрдіске айналған мереке тағы да құтты болсын! Барлық балалар аман болсын! Балалар – біздің болашағымыз!

Құрметпен Айгүл Болатбекқызы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДВОРЕЦ ШКОЛЬНИКОВ |АЛМАТЫ (@dvorec_almaty)