Алматы қаласы Оқушылар сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын!» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға ​ Алмалы ауданы,​ Түрксіб ауданы, Медеу ауданы мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің мәнерлеп оқу шеберлері қатысты. Әділ қазы алқасында ұстаз, ​ Мұқағали Мақатаев атындағы төс белгінің иегері – Асия​ Несипбайқызы Малимова, театр және кино актері – Айдос Жеңісұлы​ Рысхан, ұстаз – Гүлжан Тоқтасынқызы Рахманбекова әділ бағаларын қойып, қатысушы ​ жас талаптарды жігерлендіріп отырды. Тартысты сайыстың жеңімпаздары: жас ерекшелік топтарына байланысты Құрманғазы Құралай, Еркінова Ақмарал 1-ші орын алса, Жақсыбек Альмира, Әрісте Нұрай, Секенбек Гүлім, Тогаева Аружан 2-ші орын, Тілеген Алтынай​ 3-ші орын иегері атанды. Жетекшілер алғыс хаттар мен өлеңнің майын тамыза оқитын барша қатысушыларымыз сертификаттармен марапатталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДВОРЕЦ ШКОЛЬНИКОВ |АЛМАТЫ (@dvorec_almaty)

Барша қатысушылар мен жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз.💐💐💐