Оқушылар сарайының шәкірттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жас мерейтойымен құттықтайды.

Нұрсұлтан Әбішұлының тәуелсіз Қазақстанды құруға, елдің экономикасын нығайтып, халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесінің зор екеніне ешкімнің де күмәні жоқ. Осындай бірегей тұлғаның еселі еңбегі өскелең ұрпақ үшін мәңгілікке үлгі-өнеге екенін атап өткеніміз жөн.

Елбасы Тәуелсіз жылдар ішінде еліміздің дамуы жолында қаншама қиындықтарды еңсеріп, асуларды бағындырғанын біз білеміз. Әлемдегі алпауыт мемлекеттермен тереземіз теңесті. Талай жанға зардабы тиген Семей ядролық полигонын жабу арқылы, елімізді әлемге бейбіт мемлекет ретінде танытты. Мыңдаған жастың әлемдегі ең алдыңғы озық оқу орындарында білім алуларына мүмкіндік жасап «Болашақ» бағдарламасын ашты. Жас ұрпақтың болашағын айқындау үшін бар күш-жігерін салды. Алайда, ғаламды жайлаған коронавирус індеті Елбасымызды да айналып өтпеді. Рухы биік адамды ештеңе ала алмас, бұл қиындықты да еңсеретініне еш күмәніміз жоқ. Елбасымыз аман болсын!