Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұжымы осынау Республика күні мерекесімен құттықтайды! 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, бұл мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды. Бүгінде Қазақстан Республикасы – қуатты, қарқынды дамып келе жатқан және гүлденген мемлекет! Біздің басты мақсатымыз – әр шаңырақта бейбітшілік пен келісім, береке мен бақыт. Біз әр шаңыраққа денсаулық, бақыт пен тыныштық тілейміз! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!