Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған «Біз-бақытты баламыз!» атты қайырымдылық іс-шара өтті. Іс-шара аясында концерттік бағдарлама, балаларға арналған спорттық көрсетілімдер, шахматтан қалалық турнир, «Цветные сны» атты фестиваль-байқау және әртүрлі ертегі кейіпкерлерімен балалар қалашығы жұмыс жасады.