Бокс спортының негізін қалаушы, Атбасар ауданы тумасы, Жақсылықов Абай Қамиұлының 60 жылдығына арналған 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан өткен республикалық турнирге Алматы қаласы, Оқушылар сарайынан 4 жасөспірім қатысып, жүлделі орындарға ие болып, медаль және дипломдармен марапатталды.
Үздіктер қатарында
2007-2008 жылғы жасөспірімдер:
Алтын медаль, І орын – Аханова Балсая (50 кг салмақта);
Күміс медаль, ІІ орын: Серік Досжан (54 кг салмақта);
Қола медаль, ІІІ орын: Әдірайым Темірлан (56 кг салмақта);
Қола медаль, ІІІ орын: Шавалиев Мухаммаддияр (42 кг салмақта).
Жас боксшыларымыздың келешекте биік шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз.