ШЫРҚАЙ БЕР РУХИЯ!

Өнер әлемінде тағы бір талантты жастың жұлдызы жанды.
Беларусьтің Витебск қаласында өтетін жыл сайынғы дәстүрлі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның атынан қатысқан Рухия Байдүкенова топ жарып, бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды.
Әлемге әйгілі Димаш Құдайберген де осы байқауда бағы жанып, бас бәйгені қанжығасына ілген еді.
Қазақстандық жас әнші, «Славян базары» халықаралық байқауынында жеңіске жеткен жас талантты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтап, өнеріне жоғары баға берді.
Оқушылар сарайында білім алып жатқан талантты бүлдіршіндеріне де мемлекетіміздің даңқын тек биіктен көрсете беруіне тілектеспін. Рухия өзінің бұл жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту етіп отыр. Біз де талантты қызымызға өнерің өрлей берсін демекпіз!!!

Ізгі ниетпен Айгүл Болатбекқызы.