2025 жылғы 18 сәуірде Оқушылар сарайында ғылыми-техникалық және шығармашылық бағыттағы қалалық «Spring Games 2025» байқауы табысты өтті. Бұл күн болашақтың жобалары мен тың идеяларға толы нағыз көктемгі мерекесі.






Байқауға 9 бен 17 жас аралығындағы дарынды оқушылар қатысып, робототехника, кибернетикалық құрылғылар, медиа, анимация, дизайн және GIS-технологиялар секілді алты негізгі бағыт бойынша өз жобаларын таныстырды. Қатысушылардың әрқайсысы ерекше идеяларымен, заманауи көзқарастарымен және шығармашылық шешімдерімен көзге түсті. Көптеген жобалар бүгінде-ақ нақты өмірде қолдануға лайық, әрі болашақ инженерлер мен өнертапқыштардың әлеуетін көрсетіп отыр.
Іс-шара аясында байқау алаңдарымен қатар шеберлік сабақтары мен таныстырылым алаңдары ұйымдастырылды. Сарапшылар мен қазылар алқасы жас өнертапқыштардың жоғары дайындық деңгейін, ұжыммен жұмыс істеу қабілетін және жаңашыл көзқарастарын жоғары баға берді.
Марапаттау рәсімі ерекше салтанатты жағдайда өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, естелік сыйлықтармен және ыстық ықыласпен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, шабыт сыйлаған ұстаздарға алғыс білдірілді.
«Spring Games 2025» — бұл болашаққа бағытталған жас таланттардың бір алаңда бас қосып, білім мен креативтің шынайы көрініс тапқан орнына айналды.
Барша қатысушыларға, ұстаздарға және ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Келесі байқауларда қайта қауышқанша!