Жаңашылдыққа бірге барайық!


Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толады.
Осынау мереке аясында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымы да өзінің 10 жылдығын  атап өткелі отыр. Осы ұйымның белсенділері, еліміздің нағыз патриоттары, елі мен жеріне адал қызмет ететін жарқын болашақ иелері  Оқушылар сарайында  бас қосып, үш күн бойы қалалық слетка қатысады. Олар өздерінің ұсыныстарын, идеялары мен талап-тілектерін ортаға салуға әзір. Жаңа достар тауып, жаңашылдыққа бірге қадам басатын ел ертеңдеріне  шығармашылық табыс тілеймін! Сәттілік серіктеріңіз болсын!