
1 мамыр – Қазақстан халқының өзара құрметі мен достығын, ортақ шаңырақ астындағы келісім мен үйлесімділікті айқындайтын маңызды мереке.
Елімізде өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүріп, ортақ құндылықтарды дәріптеп келеді. Бұл – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің айқын көрінісі.
Біз өскелең ұрпақтың бойына достық, мейірімділік пен өзара сыйластық нәрін егіп, әр баланың татулық құндылықтарын сезініп өсуіне жағдай жасаймыз. Балаларымыздың бақытты күлкісі мен олардың арасындағы шынайы достық – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Халқымыздың өзара түсіністігі мен ынтымағы әрдайым нығая берсін, ел бірлігі мәңгілік болсын!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
