Month: Қыркүйек 2019

Қазақстан Республикасының халықаралық тілдер мерекесі күніне орай іс-шара өткізілді.

Алматы қаласы Білім басқармасы

«Оқушылар сарайында» МКҚК балалар  үйірмелеріне қатысушы  оқушылар арасында  22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықаралық  тілдер мерекесі күніне орай іс-шара өткізілді.

19.09.2019 жылы сағат 15.00 де Оқушылар сарайының Салтанат залында «Тіл» мерекесіне орай  оқушылар арасында  концерттік бағдарламалар ұсынылды. Іс-шараға қатысушы  оқушыларды қолдап, вокал үйірмесінің қатысушылары  өз өнерлерін көрсетіп, мереке әсем әнмен, балалардың қуанышты күлкісімен, көрермендердің ризашылықтарымен аяқталды!

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

«Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесі» ашылды

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК-да «Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесінің» салтанатты ашылуы болды. Көп балалы аналар мен балаларға арналған қонақ бөлмені құрметті қонақтар: Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары – А.А. Нурлыбаев, Білім басқармасының балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бөлімінің жетекшісі – Тау Н.Т., аудан әкімдігінің өкілдері, ата-аналар қауымы ашты.

Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы балалары, мектеп оқушылары Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысу кезінде,көп балалы аналар кең және ыңғайлы бөлмеде демалу үшін, кішкентай балаларды ойыншықтармен ойнатуға және қажет болған жағдайда балалар психологының кеңестерін алуға мүмкіндік жасаған.

Мерекеге қаланың барлық аудандарынан келген көп балалы отбасылар, Оқушылар сарайының білім алушылары мен педагогтары қатысты.  Мереке әсем әнмен, түрлі-түсті шарлармен, балалардың қуанышты күлкісімен, аналардың бақытты күлкісімен  және ризашылықтарымен аяқталды!    

 

«Қуыршақ думан» және «Алматы гүлдер қаласы»

Қала күніне орай «Қуыршақ думан»  және «Алматы гүлдер қаласы» атты шоу концерті

2019 жылдың 12 қыркүйегінде де Қала күніне арналған «Оқушылар сарайы»  алдындағы алаңда « Мемлекеттік қуыршақ театры» мен «Оқушылар сарайы» және Медеу ауданы әкімінің аппараты бірлесі отырып , қаламыздың жас бүлдіршіндеріне арнап «Қуыршақ думан»  және «Алматы гүлдер қаласы»  атты шоу концерті өтті. 

«Қуыршак думан» шоу концерті

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2019 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 15.00 де Қала күніне орай Оқушылар сарайының алдандағы алаңда Медеу ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік қуыршақ театрымен  және Оқушылар сарайымен бірлесі, қаламыздың жас бүлдіршіндеріне арнап «Қуыршақ думан»  шоу концертін өткізеді.

Қойылым авторы және режиссерлері: С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова Қуыршақ думан қойылымы концерттік бағдарламадан тұрады. Украина, Армения, Прибалтика қуыршақ ұжымы ұлттық билерін ұсынады және көрермендер мың бұралып билеген қыздардың шығыс билерін де тамашалай алады.

Сондай-ақ, сахнада Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздар бой көрсетеді. Әсерлі ән де, мың бұрылған би де көрермендер назарына ұсынылады. Тамаша қуыршақтарды Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері, халықаралық театр фестивалінің жүлдегерлері, қуыршақ өнерінің танымал майталмандары ойнатады.