Day: Қараша 27, 2019

«Нұрлы жастар – Болашаққа жол бастар!”

2019 жылдың 23-24 караша күндері  «Нұрлы жастар-өнер орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Нұрлы жастар – Болашаққа жол бастар!” атты Республикалық ән-би байқауында «Шабыт» эстрада ән вокалының оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:  

2 – орын иегерлері: Рахат Інжумаржан, Болат Балым, Аблаким Аяулым;
1 – орын иегерлері: Садвакасова Алтынай, Сырымова Сымбат, Жаирбекова Аружан, Бостан Нұрболат, Майдан Аймауыт, Сырымова Ұлжан.
Бас жүлде иегерлері: Тұрдалы Дастан, Абдилбекова Амина.

Жетекшісі: Сейтимова Сая Махамбетқызы – Үздік ұстаз куәлігімен және медальмен, алғыс хатпен марапатталды қосымша 10,000 теңге ақшалай сыйлық алды. 

“Алматы есірткісіз және темекі түтінісіз” атты флэшмоб

Дүниежүзілік темекі шегу және нашақорлықпен күрес күніне арналған “Алматы есірткісіз және темекі түтінісіз” атты мектеп оқушыларының қалалық флэшмобы.

Флешмоб 2019 жылдың 24 қараша күні “Медеу” станциясы Кіші Алматы шатқалында өтті. Флешмобтың ұраны “Салауатты өмір салты үшін оптимизммен тату, батыл!”. Негізгі мақсат-темекі шегудің және есірткінің зияны туралы білімді кеңейту, оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілігін, темекі шегуге және есірткіге деген теріс көзқарасты тәрбиелеу, темекі шегудің және нашақорлықтың зияны туралы нақты түсінікті қалыптастыру.

Іс-шараға Алматы қаласының 8 мектебінен 62 оқушы қатысты.

Балалар флешмобқа шындап дайындалды, әр топ өзінің көрнекі плакатымен шықты.