Day: Желтоқсан 24, 2019

Қаламыздың балаларына арналған жаңа жылдық мерекелердің екінші күні

Балалар үшін әр Жаңа жыл – бұл сиқырлы ертегі. Армандар орындалып, әр түрлі ғажайыптар орын алған уақыт. Оқушылар сарайының педагогтары балалардың осы көңіл-күйін қолдауға тырысады, сондықтан биылғы жылы өткізілетін жаңа жылдық мерекелер қызықты тосын сыйға, бірегей театрландырылған қойылымға толы, экранда мультфильм кадрлары жүріп, оның кейіпкерлері сахнамен өмір сүреді және залда балалармен қарым-қатынас жасайды. Кішкентай көрермендер ертегі кейіпкерлерімен бірге зұлымдық пен әділетсіздікті бірге жеңіп, жақсылық салтанатына бөленеді. Қойылым аяқталғаннан кейін балалар ертегі мен мультфильмдердегі сүйікті кейіпкерлерімен бірге Салатанат залында шыршаны айналып, Оқушылар сарайының өнерпаздары ұсынған ән – биін тамашалады.

Кеше жаңа жылдық шыршаға Білім және ғылым қызметкерлері қалалық кәсіподақ ұйымдарының шақыртуымен қаланың мектептері мен колледж, балабақша қызметкерлерінің балалары қатысты.  Көңіл – күйлеріңіз көтеріңкі, мерекелеріңіз жақсы өтсін!