Day: Желтоқсан 25, 2019

Медеу ауданы көпбалалы отбасыларына арналған шырша

Бүгін, 25 желтоқсан Оқушылар сарайына, жаңа жылдық мерекеге Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының шақыруымен ауданның көпбалалы отбасы балалары шақырылды.​ Балалар қойылымға әдемі киініп, көтеріңкі көңілмен келді. Олардың  үміті  ақталды. Санта Клаустар мен көңілді актерлар кіре берістен қарсы алды. Жаңа  жылдық  қойылымға  қатысып жатқан Оқушылар сарайының актерлік  шеберлік  бөлімі мен “Арай” жоғарысыныптар клубының білім алушылары өздерін жақсы әртіс ретінде көрсетіп, ұйымшылдықпен мерекені қыздыра түсті. Қойылым  басталғаннан  бастап  сүйікті  кейіпкерлер  балаларды  ертегілердің  ғажайып  әлеміне  қызықтырды. Балалар  көріністі беріле қарап, жағымды  кейіпкерлерге  көмектесуге  тырысты. Шыршаны мульфильмдегі сүйікті кейіпкерлерімен бірге айналып, ойындарға  белсене  қатысты. Мерекелік іс-шараның соңында балалар  Медеу ауданы әкімі  аппаратының дайындаған  жаңа жылдық сыйлықтарын алды.