Day: Қаңтар 20, 2020

Халықаралық байқау жеңімпаздары

Оқушылар сарайының білім алушылары ағымдағы жылдың 18-19 қаңтарында Алматыда өткен “Jiger synergy” халықаралық байқауына қатысып жүлделі орындар иеленді. Шараға джаз мектебінің 3 тәрбиеленушісі қатысты. Олар: Касымова Жания лауреат 2 орын, Каден Амина лауреат 2 орын, Болатова Рамина лауреат 3 орын.

Бокстан ашық біріншілік

Ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар аралығында Алматы қаласының “Almaty Boxsing Club” бокс клубында 2006-2007, 2008-2009 және 2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншілік өтті. Алматы қаласы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Н. З. Мұхамбетқалиевтің шәкірттері осы жарыста лайықты өнер көрсетті. Олар: Серік Досжан – алтын медаль, Елтай Рауан – күміс медаль, Алтаев Еркін – қола медаль, Алтаев Еламан және Асылхан Арсен иеленді. Біздің жүлдегерлер мен олардың педагогтарын құттықтаймыз!!! Алар асуларыңыздың көп болуын тілейміз!!!   

Мұражайға саяхат

2020 жылдың 19 қаңтар күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар жасөспірімдер ұйымы жоспар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына шолу жасады. Мұражайдың тарихына көшсек, 1976 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ мемлекттік көркемсурет галереясының  (1935 жылы қаланған)  және Республикалық қолданбалы өнер музейінің 1970 жылғы қоры негізінде қаланған. 1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

Екінші қабатқа көтерілген бойда көзге таныс, көңілге ыстық қазақтың ұлттық  ер-тұрманы, алдаспан қылыштар, текемет, тұскиіз, сәукеле, қалыңдық көйлегі т.б қойылған. Келесі залдан бастап көркемсурет туындыларының көрмесі басталады. 
Бұл жерден Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының  кескіндеме, графика, сәулет өнерінің баға жетпес жұмыстары бар. Музейдің  экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізі мен даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронологияға негізделген. Жан-жағыңнан қоршаған картиналарға қарап, әр уақыттың тыныс-тіршілігіне куә боласың.